Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорда полицейлері грантқа түсіремін деген уәдемен ірі көлемде ақша алған күдіктіні ұстады

Елорда полицейлері грантқа түсіремін деген уәдемен ірі көлемде ақша алған күдіктіні ұстады
Фото: pixabay.com

Елорда полицейлері грантқа түсу үшін ауыл тұрғындарынан ірі көлемде ақша алып кеткен алаяқты ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы ауданының қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері азаматтардың ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен 21 жастағы жасөспірімді анықтап, ұстады. Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қала тұрғыны елордадағы беделді жоғары оқу орындарының біріне грантқа түсуге уәде берген. Ол жәбірленушілердің барлығының шетелде білім алып жатқанын пайдаланып, осы салада таныстары бар екенін мәлімдеген.

Қаскүнем грантқа аударуға көмектесемін деген желеумен, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін иемдену мақсатында қылмыстық ниетпен ақша талап етіп, алдап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 7 миллион теңгені құрайды.

Жас жігіт жасаған қылмысын мойындады.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында ұсталған азаматтың осыған ұқсас 15 эпизодқа қатысы бар екені анықталды.

Астана қаласы полиция департаменті елорда тұрғындарын алаяқтардың айласына көнбеулерін сұрайды. Егер сізге қарсы заңсыз әрекеттер жасалса дереу 102 арнасы бойынша полицияға хабарласыңыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді