Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте жұмыспен қамту орталығы арқылы грант алмақ болған тұрғындар шу шығарды

Шымкентте жұмыспен қамту орталығының қызметкерлеріне ақша беріп, қайтарымсыз грант алмақшы болған тұрғындар шу шығарды. Олардың айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек пен грантқа уәде берген қызметкерлер ауызбастырық алғанымен, сөзінде тұрмаған, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Телеарнаның хабарлауынша, енді тұрғындар берген ақшасын қайтаруды талап етуде. "Басшы қол қоймаса, атаулы әлеуметтік көмек пен гантты бізге қай жақтан береді? Сонша соманы, миллион екі жүз түсті біреуге, мысалы, гранттан. "Менің грантқа қатысым жоқ. Мен тек қол қоямын" дейді. Оны қалай түсінуге болады? 500 мың бересің, 5 миллиондық грант аласың, 150 мың бересің, бір миллион 225 мың грант аласың", - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Гүлвира Дәулетова. Жиналғандардың айтуынша, жұмыспен қамту орталығында істейтін қызметкер барлығына қайтарымсыз грант алып беруге уәде берген.

Телеарна мәліметінше, ол осы қызметіне әрқайсынан ақша алған. 100-ге тарта жәбірленушінің алды 500 мың, кейбірі 10 миллион теңге ақша бергендерін айтады. Ақшаны алған қарапайым қызметкерге қатысты іс қозғалғанымен, директордың орынбасары бірер ай бұрын жұмыстан өз еркімен шығып кеткен. Соған ашуланған әйелдер директормен жолыққан. Алайда басшы қол астындағы қызметкерлердің әрекетін жуырда білгенін айтады.

"Қара АӘК халықтан ақшаны заңсыз жинап, басқа халыққа сол ақшаны өзінің бізден басқарма арқылы емес, бөлек терминал арқылы жеке тұлға ретінде ақша аударып отырған. Ондай азаматтарға бізден атаулы әлеуметтік көмек бойынша базадан өтпеген. Қайтарымсыз гранттың сомасы 400 айлық есептік көрсеткіш. Бір миллион 225 мың мөлшерді құрайды. Одан бөлек, бес миллиондықтың бізге қатысы жоқ, "Атамекен" кәсіпкерлік палатасымен, кәсіпкерлік басқармасы арқылы бес миллиондық грант бойынша да қаражат жинап халықты алдаған", - дейді "Халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ директоры Шағдат Әсет. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді