Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада тұрғынды грантқа оқуға түсіремін деп сан соқтырған алаяқ қолға түсті

Астанада тұрғынды грантқа оқуға түсіремін деп сан соқтырған алаяқ қолға түсті
Фото: pixabay.com

Астанада тұрғынды грантқа оқуға түсіремін деп сан соқтырған алаяқ қолға түсті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана полицейлері қала тұрғынын колледжге грантқа оқуға түсіремін деп алдаған алаяқты қолға түсірді. Полицияға елорда тұрғыны арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз әйел педагогикалық колледждердің біріне оқу грантын алып беремін деп уәде беріп, 165 мың теңге сыйақы алған. Қалған сомманы кейін бересің деп алдаусыратқан.

Ақшаны қолына алған соң байланысты сиретіп, кейін мүлдем хабарсыз кеткен. Кейінірек, уәде етілген грант алаяқтың арбауы екенін түсінген әйел полицияға жүгінді. Алматы АПБ қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 41 жастағы әйелді анықтады. Оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды. Ол мойындау көрсетпелерін беріп, ақшаны қажетіне жұмсап үлгергенін айтқан.

Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты