Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда «Келешек мектептері» үшін директорлардың жаңа буыны даярлануда

Қазақстанда «Келешек мектептері» үшін директорлардың жаңа буыны даярлануда
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған «Білім берудегі 1000 көшбасшы» стратегиялық жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Жоба халықаралық озық тәжірибеге негізделген: көптеген елдерде мектеп директорларын тағайындамас бұрын оларды арнайы даярлау міндетті талап саналады. Қатысушылар оқудан өтіп, үздік білім беру ұйымдарында тағылымдамадан өтеді және тәлімгерлік қолдаумен қамтылады. Бұл басқарушылық қабілеттерді жүйелі түрде дамытуға және сенімді шешім қабылдай алатын жетекшілерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда республикалық кадрлық резервке 583 педагог енгізіліп, олардың 397-сі конкурстан тыс негізде басшылық қызметке тағайындалды. Тек 2024 жылдың өзінде 36 резервист жаңа үлгідегі «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған мектептердің директорлары болды.⠀ Жобаға қатысушының бірі – №290 жайлы мектептің директоры Мөлдір Смаханова. Ол барлық кезеңнен өтіп, бағдарламаға сай жан-жақты дайындықтан өтті. Басшылыққа тағайындалмас бұрын заманауи басқару тәсілдерін меңгеріп, кәсіби дағдыларын жетілдірді.
«Бұл жоба менің директор қызметіне деген көзқарасымды мүлде өзгертті. Қазіргі заманғы мектепке тек басқарушы емес, ұжымды ынталандырып, мұғалімдердің кәсіби дамуына және оқушылардың қабілетін толық ашуға мүмкіндік беретін көшбасшы қажет. «Келешек мектептері» моделі осындай жаңа басқару мәдениетін қалыптастырады», – деді жоба түлегі.
 Президенттік жастар кадрлық резерві тәжірибесіне негізделген бұл жоба 2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылып келеді. Қатысушыларды іріктеу процесі бес кезеңнен тұрады: тестілеу, оқыту, тағылымдама, қорытынды бағалау және сұхбат. 2024 жылы 2,5 мыңнан астам үміткердің арасынан кәсіби даярлық курсына 433 кандидат іріктеліп алынды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті