Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада есірткі сақтау және таратумен айналысқан азаматтан 6 келі есірткі тәркіленді

Астанада есірткі сақтау және таратумен айналысқан азаматтан 6 келі есірткі тәркіленді
Фото: Polisia.kz

Астанада есірткі сақтау және таратумен айналысқан 28 жастағы азамат ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тұрғын үй кешенінің ауласында есірткі заттарын қолдану, сақтау және таратумен айналысқан 28 жастағы азаматты ұстады. Оның пәтерін тінту барысында жедел уәкілдер ұнтақ тәріздес зат салынған 5 пластик құты, 500-ден астам таблетка салынған 2 контейнер, 70 орама және өзіне тән иісі бар ақ түсті заттар салынған екі пакет, сондай-ақ сұйық май тәріздес зат құйылған пластик бөтелке тапты және тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар — салмағы 6 келіден асатын есірткі заты "меткатинон" болып шықты.

Тергеу барысында күдіктінің интернет арқылы есірткі таратумен айналысатын дүкенге "қоймашы" ретінде жұмыс істегені анықталды. Ол оператормен байланыста болып, жалақысын криптовалюта түрінде алып отырғанын айтқан. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ұсталған азамат арнайы қабылдағышқа қамалып, 10 тәулік өткен соң уақытша ұстау изоляторына ауыстырылады. Полиция азаматтарды есірткі заттарына қатысты кез келген әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті