Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда есірткі сатушы әйел ұсталды

Алматыда есірткі сатушы әйел ұсталды
Фото: Polisia.kz

Алматыда есірткі сатушы әйел ұсталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда арнайы іс-шараның нәтижесінде полиция қызметкерлері ҰҚКД жергілікті қызметкерлерінің көмегімен синтетикалық психотроптық заттарды бірнеше рет сатты деген күдікпен 30 жастағы әйелді ұстады.

— Күдіктіні жеке тінту барысында құрамында ерекше иісі бар, ақ түсті ұнтақ зат салынған 44 байлам табылып, тәркіленді. Ал ұсталған азаматшаның көлігінен есірткіні орау және бөлшек саудада сатуға арналған құрал-жабдықтар табылды. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар кокаин және мефедрон болып шықты. Жалпы салмағы шамамен 400 грамм. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Медеу аудандық полиция басқармасы есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев. 

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді