Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтар жылы: елорда мектептерінде 100-ден астам кәсіби бағыттағы сынып ашылды

Жұмысшы мамандықтар жылы: елорда мектептерінде 100-ден астам кәсіби бағыттағы сынып ашылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Ұлттық баяндаманы орындау мақсатында және «Ерте кәсіптік бағдар беру» жобасы аясында 2024 жылдан бастап елорданың 50 мектебінде «Педагогикалық сынып» бейіні бойынша оқыту жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оқыту «Қонақтардан дәріс» форматында өтті. Педагогикалық сыныптарда Астана халықаралық университеті және А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының оқытушылары дәріс береді. Аталған сыныптарда мектептердің педагогикалық мамандыққа қызығушылық танытатын 9-11 сынып оқушылары білім алады.

«Педагогикалық сынып» бейіні бойынша ерте кәсіптік бағдарлау – бұл мақсатты кәсіптік-педагогикалық бағдарлау және педагогикалық қызметке тұрақты қызығушылықты қалыптастыру.Сонымен қатар, «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында 2025 жылғы қаңтар айынын бастап Сервис (тамақтандыруды ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсету), дизайн, тігін өндірісі, теміржол көлігі, IT, педагогика, медицина бағыттары бойынша «100 бейінді сынып» жобасы іске қосылды.Астана қаласы Білім басқармасы басшысының бұйрығына сәйкес, әрбір бағыт бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен бейінді оқытуды жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептер бекітілді. Жобаға 7 ЖОО (Л.Гумилев атындағы Ұлттық Еуразия университеті, Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Astana IT University, «Астана» медицина университеті, М.Тынышпаев атындағы АLT Университеті, «Астана»  халықаралық университеті), Астана қаласының 21 колледжі мен 70 мектебі қатысады.Бейінді 8-11 сыныптарда барлығы 2892 білім алушы қамтылды, оның ішінде келесі бағыттар бойынша: 1. Сервис (тамақтандыруды ұйымдастыру) – 25 сынып ашылды, білім алушылар саны – 545, оның ішінде мемлекеттік тілде – 300, орыс тілінде – 245.2. Сервис (техникалық қызмет көрсету) – 4 сынып, білім алушылар саны – 88, оның ішінде мемлекеттік тілде – 58, орыс тілінде – 30.3. Дизайн – 12 сынып, білім алушылар саны – 290, оның ішінде мемлекеттік тілде – 80, орыс тілінде – 210.4. Тігін өндірісі – 13 сынып, білім алушылар саны – 316, оның ішінде мемлекеттік тілде – 279, орыс тілінде – 67.5. Теміржол көлігі – 5 сынып, білім алушылар саны – 121, оның ішінде мемлекеттік тілде – 91, орыс тілінде – 30.6. IT – 9 сынып, білім алушылар саны – 156, оның ішінде мемлекеттік тілде – 83, орыс тілінде – 73.7. Педагогикалық – 50 сынып, білім алушылар саны – 1064, оның ішінде мемлекеттік тілде – 919, орыс тілінде – 145.8. Медицина – 12 сынып, білім алушылар саны – 282, оның ішінде мемлекеттік тілде – 158, орыс тілінде – 124.2025 жылғы 1 ақпанда колледждер мектептермен келісілген тақырыптық жоспарлар әзірледі.

Бейінді сыныптардың әр бағытына Астана қаласының әдістемелік орталығының жауапты әдіскерлері бекітілді. Бейінді сыныптардағы сабақтарды 170 арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері жүргізеді. Сабақтарды өткізу формалары: дәрістер, шебер-сыныптар, экскурсиялар, тренингтер, жобалық жұмыстарды қорғаумен дөңгелек үстел, слет және басқалар. Бейінді сыныптардың жұмысына колледждердің әлеуметтік серіктестері жұмылдырылған. Мониторинг жүргізу және әдістемелік көмек көрсету мақсатында бейінді сыныптардағы сабақтарға қатысу, білім алушылар арасында сауалнама жүргізу көзделген.Сондай ақ, бейінді жұмыспен ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларда қамтылды. Атап айтқанда, кәсіптік бағдарлау бойынша сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру мақсатында Астана қаласының әр аудандары бойынша пилоттық мектептер (№8,23,65,71,79,83,89,96) іріктелініп алынды. 2023 жылы аталған бағыттағы бағдарлама қалалық сараптамалық кеңесте қаралып, бекітілді. Мектептердің материалдық техникалық базасы ескеріле отырып, бағдарламада көрсетілген үйірмелерді ашуға ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың саны анықталды. №23, 83 мектептерде «Тігін ісі», «Аспаз ісі» үйірмелерін мектептің штаттық бірлігі негізінде жүргізу мүмскачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті