Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы скверді абаттандыру жұмыстары басталды

Алматыда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы скверді абаттандыру жұмыстары басталды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімдігі қалалық ортаны абаттандыруға әлеуметтік жауапты бизнесті тарту бағытында жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Жоба аясында «Целинный» заманауи мәдениет орталығының жанындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы скверді жаңарту жұмыстары басталады. Бастамаға «АТЦ-Галерея» ЖШС-гі қолдау білдіріп, барлық жұмысты өз қаражаты есебінен қаржыландырады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абаттандыру жұмыстары заманауи және табиғатқа зиян келтірмейтін экологиялық әдістер арқылы жүргізіледі. Барынша табиғи ландшафт пен қолданыстағы жасыл желек сақталып, аумақ көгалдандырылады. Жайлы жаяу жүргіншілер жолдары салынып, шағын сәулет пішіндері мен заманауи энергия үнемдейтін жарықтандыру жүйесі орнатылады. Сондай-ақ, демалысқа арналған жайлы аймақтар ұйымдастырылып, суды үнемдеп пайдалануды интеллектуалды түрде бақылайтын автоматты суару жүйесі қосылады.

А.Байтұрсынұлы атындағы скверді абаттандыру жобасы оның тарихи маңызын сақтай отырып, таза ауада серуендеп, тынығып, емін-еркін жүздесуге жайлы орта қалыптастыруды мақсат етеді.

Жоба жүзеге асқаннан кейін аумақтың экологиялық жағдайы жақсарады: шудың және жылу жүктемесінің деңгейі төмендеп, ауа сапасы артады, табиғи тепе-теңдік сақталады. Алматы қаласының әкімдігі қоғамдық кеңістіктерді дамытуды жалғастыра отырып, тұрғындар үшін жайлы ортасын құруға жалғастырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады