Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстауда тұңғыш мұз айдыны кешені ашылды

Маңғыстауда тұңғыш мұз айдыны кешені ашылды
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 24 шілде күні, Жаңаөзен қаласында ангар типіндегі көпфункционалды мұз айдынының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Игі шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, жергілікті тұрғындарды тарихи оқиғамен құттықтады.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды спортқа баулуға әрдайым ерекше мән беріп келеді. Міне соның айқын дәлелі - бүгінгі іс-шара. Жаңа мұз айдынында қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында мәнерлеп сырғанаудан спорт шебері Алена Понкратова арнайы Санкт-Петербургтен шақыртылып, осы кешенде тұрақты жаттықтыру үшін келісімшартқа отырды. Енді ата-аналарға, жаттықтырушылар мен спорт ұйымдарына зор сенім артылып отыр. Жас спортшыларымыз кәсіби жаттықтырушымен бірге жаңа биіктерді бағындырып, жарқын жеңістерге жететініне сеніміміз мол. Көк Туымызды көкке көтеретін нағыз саңлақтар осы мұз айдынынан шыға берсін,- деді Нұрдәулет Қилыбай.

Жаңа кешеннің құрылысы 2023 жылы басталып, 2024 жылы толық аяқталды. Жоба жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Нысанның жалпы аумағы - 1100 шаршы метр, оның ішінде мұз алаңы 960 шаршы метрді құрайды. Мұз айдыны бір мезетте 500 адамды қабылдай алады. Спорттық кешенде ұлдар мен қыздарға арналған жуыну және киім ауыстыру бөлмелері, жаттықтырушылар мен медициналық қызметкерлерге арналған кабинеттер, сондай-ақ әкімшілік бөлмелер қарастырылған.

Кешеннің екінші қабатында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілеріне арналған заманауи жаттығу залы орналасқан.

Мұнда 10-18 жас аралығындағы алғашқы даярлық топтары мен жас спортшылар кәсіби жаттықтырушылардың жетекшілігімен жаттығатын болады.

Алдағы уақытта нысанда хоккей, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және керлинг сынды олимпиадалық спорт түрлерінен тегін үйірмелер жұмысын бастайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті