Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы велосипед спорты федерациясының президенті, велосипед және шаңғы спортынан КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген бапкері Асқар Шораевқа арналған алаң ашылып, тақтатас орнатылды. Салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев қатысып, жаңа алаңмен барша қалал тұрғындарын құттықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағының оң жағалауында орналасқан алаңның салтанатты ашылуында қала әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев Асқар Ишанұлының жастарды қолдап, спортқа баулудағы және өңірдегі спорт саласының дамуына қосқан үлесін атап өтті. Осы орайда спортшы ардагерге шапан жабылыып, қала әкімінің арнайы алғыс хатын табыс етілді.
Асқар Шоревтың аталмыш идея 2012 жылы ойына келгенін, және көп ұзатпай өңір басшылығына айтылған ұсынысы қолдау тапқанын айтып өтті.
Салтанатты ашылу қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған жас спортшылардың веложарысымен жалғасын тапты.