Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті

Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ақтаудағы мемлекеттік ресми рәсімдер алаңында Мемлекеттік Ту тұғырына көтерілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, депутаттар, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік және әскери органдардың өкілдері, жастар мен қала тұрғындары қатысты.

Ұлттық мерекеге жиналған жұртшылық еліміздің әнұранын бірге шырқады.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай өз сөзінде рәміздердің елдің басты құндылығы екенін атап өтті.

- Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың біртұтастығы мен егемендігінің белгісі. Әлемде жері де, рәміздері де жоқ қаншама ел бар. Біз – азаттығымызды ардақтаған, көк Туымызды биік ұстаған бақытты халықпыз. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сындарлы саясатының жемісі. Еліміздің Тәуелсіздігі баянды, тұғыры берік болсын! – деді өңір басшысы.

Мерекелік іс-шара аясында мемлекеттік қызметке алғаш қадам басқан жас мамандар салтанатты түрде ант берді.Рәсім соңы Есір Айшуақов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің арнайы концерттік бағдарламасына ұласты.
Сондай-ақ, рәміздер күніне орай Ақтау қаласында 100 ерікті жастың және әскери оркестрдің қатысуымен патриоттық флешмоб ұйымдастырылды.
 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады