Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімі Алатау ауданындағы көшелердің жай-күйіне, арық жүйесіне және көгалдандыру ісіне бақылауды күшейтуді тапсырды

Алматы әкімі Алатау ауданындағы көшелердің жай-күйіне, арық жүйесіне және көгалдандыру ісіне бақылауды күшейтуді тапсырды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алатау ауданында Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен аудан әкімдігі, салалық басқармалар, коммуналдық қызмет пен тиісті ұйымдардың қатысуымен көшпелі жиын өтті. Басқосуда ауданның қордаланған мәселесі мен инфрақұрылымдық жобаларды жеделдету жолдары қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шаһар басшысы жұмыстың баяу қарқынына алаңдаушылық білдірді. Инвестиция көлемі ұлғайғанымен, Шаңырақ-1, Самғау, Өжет, Шапағат сынды бірқатар шағынауданда инженерлік желілер, соның ішінде су құбыры мен кәріз жүйесі әлі толық пайдалануға берілмеген. Бұған сорғы станциялары құрылысының аяқталмауы, коллекторлардың жоқтығы мен жер телімдерін рәсімдеудегі кідіріс себеп болып отыр.

Дархан Сатыбалды әр нысан бойынша инженерлік желілерді іске қосу кестесін осы жаздың соңына дейін әзірлеп, заңдық кедергілерді жоюды тапсырды.

Қала әкімі аппаратының басшысы Ерлан Исабековтің айтуынша, Рахат-Мәдениет, Ақбұлақ, Боралдай, Көкқайнар, Түркістан, Шапағат және Теректі шағынаудандарында инженерлік желілерді тарту жұмыстары өте баяу жүріп жатыр. Мұндай ірі жобаларда небәрі 15-20 жұмысшы мен 2-3 арнайы техника ғана тартылған. Егер қарқын өзгермесе, жоспардан айтарлықтай қалып қою және жобаны мерзімінде аяқтамау қаупі жоғары.

Сондай-ақ, Ерлан Исабеков Алатау ауданы әкімдігінің санитарлық тазалық, көгалдандыру және абаттандыру бағытындағы жұмыстары жеткіліксіз екенін атап өтті.

«Экология басқармасы нақты ұсыныстар дайындауға тиіс. Біз қаражат бөліп, ағаш отырғызып, аудан әкімдігіне тапсырамыз, бірақ кейін ағаштардың қурап қалғанын көреміз. Сонда мұның бәрін не үшін істеп отырмыз? Мұндай тәсілден нәтиже жоқ, оны өзгерту керек, — деді Алматы әкімі.

Алатау ауданының әкімі Талғат Малыбаев халық санының өсуіне байланысты кемінде 10 жаңа мектеп салу қажеттігін айтты. Әйгерім мен Ақбұлақ шағынаудандарындағы екі мектеп биыл қыркүйекте пайдалануға берілмек, алайда бұл сұранысты толық жаппайды.

Қала басшысы тұрғын үй қорының ұлғаюын ескере отырып, жаңа мектептер салудың нақты жоспарын әзірлеуді тапсырды. 

«Аудан әкімі ұсынған жер телімі шынымен бос болса, оларды бірден әлеуметтік нысандарға резервтеу қажет. Қазір ауқымды тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр, бірақ көбіне тұрғын үйлер салынып жатыр. Сіздермен бірге есепті көрдік қой: 154 мың бала болмақ, бұл кем дегенде 95 мектеп қажет деген сөз. Мұны алдын ала, жобалау сатысында ескеру керек», — деді Дархан Сатыбалды.

Кеңесте ауданның санитарлық жағдайы, қоқысты жинау, бейберекет үйілген қоқыстарды жою, арықты қайта жаңғырту, мектеп маңындағы аялдамалар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін ретке келтіру мәселелері де талқыланды. 2025 жылы ауданның басым бағыттарының бірі — жарықтандыру жобасы болмақ: 255 аумақта 3500-ден астам шам мен 2900 бағана орнату жоспарланған, оған аулалар мен кварталішілік көшелер де кіреді.

«Абаттандыру ең маңызды міндеттердің бірі, оны бірінші кезекте орындау қажет. Қаржы бар, бастысы, жұмысты дұрыс ұйымдастырып, нақты әрекет ету керек, — деді қала әкімі.

Қала әкімі қыркүйекке дейін дайын тұрған, бірақ іске қосылмаған инженерлік желілерді пайдалануға беру, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясындағы жобалардағы кешеуілдеуді жою, мектеп құрылысын жеделдету және жыл соңына дейін жоспарланған барлық аумақтарда жарықтандыру жүйесін іске қосу сынды бірқатар нақты тапсырма жүктеді.

Дархан Сатыбалды жасыл желекті күтіп-баптау мен қоғамдық аумақтардың тазалығын сақтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізудің маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, Алатау ауданының әлеуеті жоғары, алайда оны іске асыру үшін басқарушылық тәртіп, жауапкершілік пен нақты нәтижеге бағытталған еңбек қажет.

Кеңестен кейін қала әкімі Дархан Сатыбалды Алатау ауданы тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға алдын ала өтініш берген азаматтар шақырылды. Қабылдау бекітілген кесте бойынша және кезек тәртібімен өтті.

Тұрғындар абаттандыру, көше жарығы, жолдың жай-күйі және құқық тәртібін қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Бейберекет қоқыс үйінділері, жарығы жоқ аумақтар мен кварталішілік жолдардың нашар жағдайы туралы да өтініштер айтылды.

Қабылдау қорытындысында Дархан Сатыбалды аудан әкімдігіне және тиісті қызметтерге барлық өтінішті жедел қарастырып, тиісті жерге барып, тұрғындарға ресми әрі негізделген жауап беруді тапсырды. Әкім жұмыстың мерзімі мен сапасы үшін басшылардың жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті