Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана күні: елордалық амфитеатрда «JazzVIBE» концерті өтеді

Астана күні: елордалық амфитеатрда «JazzVIBE» концерті өтеді
Фото: Астана қ.әкімдігі

3 шілде күні Астана күніне арналған «JazzVIBE» концерті Есіл өзенінің жағалауындағы амфитеатрда өтеді. Іс-шараға «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі мен «Жастар» сарайының «Жігер» эстрадалық-джаз ансамблі қатысады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Концерт бағдарламасына дәстүрлі джаз, джаз-рок, поп-музыка және өзге де заманауи бағыттағы музыкалық шығармалар енген. Музыканттар әлемге әйгілі хиттерді, авторлық туындыларды және қазақ әуендерін тың аранжировкаларда орындайды.Оркестрдің көркемдік жетекшісі – «Мәдениет саласының үздігі» Ержан Исин, бас дирижері – «Мәдениет саласының үздігі» Қасым Айтбаев, дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әліби Әбдинұров. «Жігер» ансамблінің көркемдік жетекшісі – композитор, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері, «Құрмет» орденінің иегері Рүстем Әміров.Концертке сондай-ақ «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Әлібек Әлмадиев, халықаралық байқаулардың жүлдегерлері Зарина Божақова, Татьяна Ким, Евгений Ботников, Әсет Қасайынов, Ақжол Исин, Өнер Құлов, Мәди Сыздықов, Елена Белякова, Нұрлыбек Закенов, Аман Шаймерденов және Бақытжан Масалим қатысады.Концерт 3 шілде күні сағат 20:00-де басталады.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті