Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таразда кортеж ұйымдастырған мектеп түлектері жауапқа тартылды

Таразда кортеж ұйымдастырған мектеп түлектері жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Таразда кортеж ұйымдастырған мектеп түлектері жауапқа тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлерімен аумақты патрульдеу барысында Тараз қаласындағы бірнеше орта мектептің бітіруші түлектерінің оқу жылын аяқтауға арналған іс-шара аясында көлік кортежін ұйымдастырғаны анықталды. Кортеж кезінде түлектер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қоғамдық тәртіпті сақтамай, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірген. Көлік құралдарын басқару кезінде қозғалыс ережесін бұзу, автокөліктердің жолда жүру тәртібін сақтамауы, қоршаған ортаға қауіп төндіру жағдайлары бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірнеше баптарымен, барлығы 19 әкімшілік хаттама толтырылды.

- Біз мектеп бітіру кештерінен кейін мұндай жағдайлар болуы мүмкін екенін болжадық. Сондықтан автопатрульдер санын көбейтіп, бақылауды күшейттік. Азаматтардың қауіпсіздігі – басты міндет және оны қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын боламыз, – деп атап өтті Тараз қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Руслан Оразбақов. 

Полиция департаменті азаматтарды, соның ішінде мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарын, мерекелік шараларды өткізуде қауіпсіздік пен заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті