Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте жол ережесін бұзған кортеж қатысушылары жауапқа тартылды

Шымкентте жол ережесін бұзған кортеж қатысушылары жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Шымкентте жол ережесін бұзған кортеж қатысушылары жауапқа тартылды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары түнгі уақытта қала көшелерінің бірінде автокөліктер кортежін анықтады. Жүргізушілер жол қозғалысы қағидаларын бұзып, атап айтқанда: қарсы жолаққа шығып, тыйым салынған жерде артқа жүрген, оның ішінде кейбірі терезеден шығып тұрған жолаушыларды алып жүріп, өзінің ғана емес, өзгенің де қауіпсіздігін елемеген. Ал темір тұлпарға орнатылған жыпылықтайтын маяктар жалған төтенше жағдай тудырып, басқа жүргізушілерді жол беруге мәжбүрлеген. Тәртіп сақшыларының жедел әрекетімен мұндай бассыздықтың ауыр салдарының алды алынды. Кортеж қатысушылары досының тойынан шығып, мерекелеуді жалғастырғаны белгілі болды.

Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қарсы жолаққа шыққандар көлік басқару құқығынан айырылды. Полиция жолдағы немқұрайлылық қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екенін ескертеді және жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі