Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында кортеж ұйымдастырып, жол ережесін бұзғандар айыппұл арқалады

Алматы облысында кортеж ұйымдастырып, жол ережесін бұзғандар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында тәртіп сақшылар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегін анықтаған. Іздестіру шараларын жүргізгеннен кейін құқық қорғау органдары жүргізушілердің жеке басын анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Тексеру барысында ауыл жастары екі Lexus GS 300 бен үш Toyota Camry көлігін жалға алғаны белгілі болды. Олар жалға алынған көліктермен достарының үйлену тойы күні Междуреченск-Чапаево тас жолында кортеж ұйымдастырған.

Барлық жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамау" және ӘҚБтК-нің 601-бабы1-бөлігі "Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен ұйғарылған талаптарды сақтамау" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Кортеждің барлық қатысушысымен алдағы уақытта осындай құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді