Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада IV халықаралық садақ ату турнирі – «Астана Гран-приі» басталды

Елордада IV халықаралық садақ ату турнирі – «Астана Гран-приі» басталды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада IV халықаралық «Астана Гран-приі» садақ ату турнирінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараға ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин және Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ағзамов қатысты.

Турнирге Оңтүстік Корея, Мексика, АҚШ, Тәжікстан, Өзбекстан, Швейцария, Бурятия, Мәскеу облысы, Саха Республикасы және Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген спортшылар қатысуда.

«Бұл турнир алғаш рет 2021 жылы өткізіліп, жақын және алыс шетелдерден келген үздік мергендерді жинаған еді. Қатысушылар қатарында Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, Еуропа мен Азия чемпиондары бар. Бүгінде қонақжай қазақ жері бұл турнирді төртінші рет өткізіп отыр. Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 111 спортшы қатысып жатыр. Біздің жерімізге қош келдіңіздер!» – деді халықаралық турнирдің бас төрешісі, жоғары ұлттық санаттағы төреші Ольга Ли.

Жарыстар классикалық және садақ ату бойынша ерлер мен әйелдер, жасөспірім ұлдар мен қыздар, кадеттер, сондай-ақ 2011 жылы және одан кейін туған кіші жасөспірімдер арасында өтеді.

Жекелей, командалық және аралас санаттарда жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және құрмет грамоталарымен марапатталады.

Турнир 28 маусымға дейін «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінің жазғы алаңында жалғасады. Көрермендер үшін кіру – тегін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті