Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Роман Скляр және ҚМГ басшысы Қытайдағы ірі мұнай-газ компаниялары басшылығымен кездесулер өткізді

Роман Скляр және ҚМГ басшысы Қытайдағы ірі мұнай-газ компаниялары басшылығымен кездесулер өткізді
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған қазақстандық делегация Боао Азиялық форумы (БАФ) алаңында Қытайдың жетекші мұнай-газ компанияларының басшыларымен кездесті. Кездесу барысында геологиялық барлау және мұнай-газ химиясы саласындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«CNOOC» компаниясының атқарушы вице-президенті Сун Далумен кездесуде Атырау облысында «Жылыой» бірлескен жобасын жүзеге асыру барысы қаралды. Учаскені барлау жұмыстары инвестор үшін бірқатар артықшылықты қарастыратын Үздік моделді келісім (ҮМК) бойынша жүргізілетіні атап өтілді.

Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» АҚ мен Қытайдағы теңіз мұнай кен орындарына қызмет көрсетуде мол тәжірибесі бар «CNOOC» – «COSL» (China Oilfield Services) еншілес компаниясы арасындағы инжиниринг саласы бойынша өзара іс-қимыл келешегі талқыланды.

«Sinopec» корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы Ма Юншэнмен әңгіме барысында Қазақстанда құны $7,6 млрд болатын мұнай-газ-химия кластерін дамытуға бағытталған «Полиэтилен» бірлескен жобасын іске асырудың ағымдағы жағдайы талқыланды. Сонымен қатар тараптар Батыс Қазақстан өңіріндегі (Қарашығанақ кен орнынан алыс емес) «Березовский» геологиялық барлау жобасындағы инвестициялық серіктестікті қарастырды.

«CNPC» компаниясының президенті Хоу Цицзюньмен кездесуде «ҚазМұнайГаз» АҚ-мен қытай корпорациясының мұнай өндіру саласындағы көпжылдық жемісті ынтымақтастығы атап өтілді. Барлық бағыт бойынша өзара іс-қимылды кеңейту жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді. Атап айтқанда, мұнай-газ химиясындағы «ҚазМұнайГаз» АҚ және «CNPC» бірлескен жаңа бастамасының мысалы алдын ала құны $1,2 млрд-ты құрайтын «Карбамид» жобасы болып саналады.

Кездесу соңында «KMG PetroChem» және «CNPC» компаниялары арасында «Карбамид» жобасын іске асырудың одан арғы қадамдары бойынша хаттамаға қол қойылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты