Бс, 24 шілде 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР Туризм және спорт министрлігінде Грекия Парламенті делегациясымен кездесу өтті

ҚР Туризм және спорт министрлігінде Грекия Парламенті делегациясымен кездесу өтті
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінде Министрдің орынбасары Ержан Еркінбаев Грек Республикасының Парламентіндегі «Грекия – Қазақстан» достық тобының делегациясымен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Тілектес Адамбеков, Грек Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эфталия Какиопулу, сондай-ақ Грекия Парламентінің депутаттары қатысты.

Кездесу барысында туризм саласындағы ынтымақтастық, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, мәдени бағдарламаларды кеңейту, жастар бастамаларын, білім беру саласындағы өзара алмасу мәселелері сияқты екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Қазақстанның туристік инфрақұрылымына грек инвестицияларын тарту, тұрақты туризм бағытында тәжірибе алмасу және ұлттық туристік өнімдерді халықаралық деңгейде дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия жұмысының нәтижелерін талқылап, Афиныда өтетін комиссияның 6-отырысына дайындықты күшейтуге ниетті екендерін білдірді.

Ержан Еркінбаев Қазақстан мен Грекия арасындағы ынтымақтастықтың оң серпін алғанын атап өтіп, дегенмен туризм саласындағы әлеует толық іске аспай отырғанын жеткізді. Сонымен қатар екі ел арасындағы серіктестікті нығайтуға және ынтымақтастықтың жаңа бағыттары бойынша бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі екенін айтты.

«Қазақстан тек инвестициялық мүмкіндіктер ғана емес, сонымен бірге өзара сенімге, тиімділікке және орнықты болашаққа негізделген жан-жақты серіктестікті ұсынады. Ортақ күш-жігеріміз ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көтеретініне сенімдімін», – деді Ержан Еркінбаев.

Кездесу соңында тараптар туризм және өзге де салалардағы екіжақты диалогты тереңдетуге және жаңа бастамаларды бірлесіп пысықтауға дайын екенін жеткізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті