Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қытайда Қазақстан туризмі жылы басталды

Қытайда Қазақстан туризмі жылы басталды
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Бүгін Бейжіңде Қытайдағы Қазақстандық туризм жылының ашылуы өтті.28-29 наурыз күндері ашылу салтанаты аясында Бейжіңде Қазақстан мен Қытай өкілдерінің қатысуымен бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Іс-шараның бірінші күні Қазақстан-Қытай туристік және инвестициялық форумынан басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев құттықтау сөз сөйледі.

«Қытай Халық Республикасындағы Қазақстанның туризм жылы – екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал ететін ерекше іс-шара. Бүгінгі іс-шарамыз осы мақсатқа жету жолындағы маңызды қадам болып отыр. Біздің диалогымыз жемісті және ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізін құрай отырып, туризм саласындағы серіктестіктің жаңа көкжиектерін ашады деп сенеміз», - деді министр.

Сондай-ақ ол Қазақстан – кез келген саяхатшыны өзінің көшпелі мәдениетімен, ғасырларға жалғасқан тарихымен және бірегей табиғатымен қызықтыратынын атап өтті.

«Еліміздің туристік әлеуеті зор. Біздің мақсатымыз – сол байлықты барлығына қолжетімді ету», - деп толықтырды Ермек Маржықпаев.

Форумға Қытай Халық Республикасының Мәдениет және туризм министрі Сунь Ли де қатысты. Құттықтау сөзімен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов та сөз сөйледі. Ол жиналған қауымды «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясымен таныстырды.

«Қазақстан – қытайлық туристер үшін ең тартымды бағыттардың бірі екеніне сенімдіміз. Ол визасыз режимді қолдайтын көршілес ел ғана емес, сонымен қатар «Бір белдеу, бір жол» бастамасының стратегиялық серіктесі. Біз туристердің назарына эко-, этнотуризм, ойын-сауық және ресми іс-шараларды қамтитын «Еco-Ethnic-Entertainment-Events» концепциясын ұсынамыз», - деді Қайрат Сәдуақасов.

Қазақстандағы әр бағыттың әлеуеті туралы айта келе, Қ.Сәдуақасов форумға қатысушыларды биыл Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында өтетін іс-шараларға қатысуға шақырды. 2024 жылға олардың 35-тен астамы жоспарланған.Туризм және инвестициялық форум екі панельдік сессиядан тұрды:
• «Қытай саяхатшылары үшін Қазақстандағы ұйымдастырылған туризм мүмкіндіктері»
• «Туристік бизнестегі әріптестік: Қазақстан-Қытай арасындағы инвестициялық мүмкіндіктер».

Форумға ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев пен «Атамекен» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нахипбеков модераторлық етті.

Кездесуде қытайлық саяхатшылар үшін ұйымдастырылған туризм мүмкіндіктері мен Қазақстан-Қытайдың инвестициялық мүмкіндіктері талқыланды.Сондай-ақ форумға қатысушылар үшін бірегей көрме ұйымдастырылды, онда қонақтар Қазақстанның барлық 17 аймағының көрікті жерлерімен таныса алды.Форум соңында қазақстандық және қытайлық тараптар арасында бірқатар меморандумдарға қол қойылды.Естеріңізге сала кетейік, ертең, 29 наурызда қонақтарды Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми ашылу салтанаты, мәдени бағдарламасы бар этноауыл, сондай-ақ көрнекті әртістердің қатысуымен өтетін үлкен гала-концерт күтуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді