Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан ЭЫҰ туризм министрлерінің алтыншы отырысына қатысты

Қазақстан ЭЫҰ туризм министрлерінің алтыншы отырысына қатысты
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Түркияның Эрзурум қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) туризм министрлерінің алтыншы отырысы өтті. Қазақстан атынан іс-шараға Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Жиынға Әзербайжан, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Түркия, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның туристік ведомстволарының басшылары, сондай-ақ ЭЫҰ Бас хатшысы Асад Маджид Хан мен Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев қатысты.

Кездесу барысында делегация басшылары өз елдеріндегі туризм саласының жай-күйі мен ЭЫҰ кеңістігінде ынтымақтастықты дамыту бастамалары туралы ақпарат ұсынды. 

Сонымен қатар өңірді бірыңғай туристік бренд ретінде дамыту, елдер арасындағы әуе қатынасын кеңейту, ортақ онлайн-платформа құру және өзара іс-қимылдың басқа да бағыттары талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша алдағы жылдардағы ЭЫҰ туристік астаналары болатын қалалардың тізімі бекітілді:• 2027 жыл – Лахор қаласы (Пәкістан),• 2028 жыл – Мары қаласы (Түрікменстан),• 2029 жыл – Қарақол қаласы (Қырғызстан).

Бұдан бөлек, жиында ЭЫҰ кеңістігінде туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған келісімдерді бекітетін Эрзурум декларациясы қабылданды.Сондай-ақ Қазақстан делегациясы Паландёкен экономикалық форумына және Эрзурум қаласын 2025 жылға арналған ЭЫҰ туристік астанасы ретінде жариялауға арналған ресми рәсімге қатысты.Сонымен бірге іс-шара аясында ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев Иран Ислам Республикасының Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрінің орынбасары Ануширван Мохсени Бандпа және ЭЫҰ Бас хатшысы Асад Маджид Ханмен екіжақты кездесулер өткізді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты