Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Жұлдыздар шеруі-2025»: Астанада үздік оқушыларды марапаттауға арналған іс-шара өтті

«Жұлдыздар шеруі-2025»: Астанада үздік оқушыларды марапаттауға арналған іс-шара өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанадағы Жоғары көлік және коммуникация колледжінде оқу жылының қорытындысы бойынша үздік оқушыларды марапаттауға арналған «Жұлдыздар шеруі-2025» атты салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара дарынды жастарды қолдауға, олардың ынтасын арттыруға және білімнің маңызын насихаттауға бағытталды. Үздіктердің қатарында оқу орнында білім, өнер, спорт және қоғамдық жұмыстарда ерекше көзге түскен талантты да еңбекқор 65 студент болды.

Жиын барысында сөз алған колледж директоры Берлік Қапезов студенттерге ізгі тілегін жеткізіп, биылғы жиын «Жұмысшы мамандықтары жылы» және білім ошағының 80 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылғанын атап өтті.

«Біздің колледжде белсенді білім алушылар көп. Жас дарын иелерінің жетістігі оқу орнының абыройын асқақтатып, олардың елімізді алға сүйрейтін буын екенінің жарқын көрінісін айқындайды. Салтанатты жиын жыл сайын дәстүрлі түрде оқу жылының соңында ұйымдастырылып келеді. Біз студенттерге құрмет көрсету арқылы олардың колледж өміріндегі қоғамдық жұмысын бағалап, өзгелерге үлгі еткіміз келеді», – деді колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бота Сайранкөкқызы.

Салтанатты марапаттау кешінде колледж өнерпаздары жиын қатысушыларына шағын концерт бағдарламасын ұсынды. Ал үздік студенттер дипломдармен, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті