Астана қаласындағы №111 мектепте «Жарқын болашаққа қадам» атты алғашқы салтанатты Триумф балы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл оқу орны 2024 жылдың қыркүйегінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ашылып, өз жұмысын бастаған болатын. Биыл мектеп 11-сыныпты тәмамдаған 55 оқушыны ұясынан ұшырды.
Іс-шара халықаралық, республикалық және қалалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздарын марапаттауға арналды. Солардың бірі – №111 мектептің «Алтын белгі» иегері Назерке Айтбайқызы.
Кеш қонақтары қатарында Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова, «AMANAT» партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек, Әдістемелік орталық басшысының орынбасары Жангелді Әмірғалиев және Қамқоршылық кеңестің мүшелері болды.Кештің басты сәті мына номинациялар бойынша құрметті марапаттарды табыстау болды:
• «Зерделі оқушы – 2025»;
• «Ғылым шамшырағы – 2025»;
• «Спорт жұлдызы – 2025;
• «Спорт көшбасшысы – 2025»;
• «Үздік ата-ана – 2025»;
• «Үздік Қамқоршылық кеңес мүшесі – 2025».