Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті

Түркістан облыстық  мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

2025 жылғы 23 маусымда облыстық  мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың төрағасы Н.Әбішов, облыс әкімінің орынбасарлары Т.Қозбеков, Б.Тәжібаев, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ә.Бектұрғанов, комиссия мүшелері Б.Сүлейменов, Т.Садуов, У.Рахиев, Қ.Салыбек, Қ.Жантөреева, Ғ.Елшібаев, Б.Басымбек, Ж.Темірбекова, Ж.Туламетов, М.Манапов, Б.Байғараев, Б.Шойбеков, Ж.Құрақбаев, Х.Әшірбеков және күн тәртібіне байланысты шақырылған облыстық басқарма басшылары қатысты. 

Тұрақты комиссияның отырысын тұрақты комиссия төрағасы А.Салимов жүргізді. Комиссия отырысында  мына мәселелер  талқыланды:      

Күн тәртібіндегі мәселелербойынша тұрақты комиссия мүшелері өз ұсыныстарын айтып, мәселелерді сессияқарауына енгізуді ұсынды.


1. Облыс әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2024 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері;

2. Түркістан облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі туралы;

3. «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №14/180-VІII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

4. Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін сайлау туралы;

5. Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерісті келісу туралы;

6. «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/330-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

7. «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

8. «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ, қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 сәуірдегі №9/132-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

9. Түркістан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы

10. Түркістан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы

11. Кентау қаласының кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

12. «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы»Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі  №5/48-VIІ шешіміне толықтырулар енгізу туралы

13. Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

14. Сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясының жұмысшы органдарының құрамы бойынша ұсыныстар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті