Алматыда тағы бір заңсыз салынған қосалқы нысан бұзылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Сейфуллин даңғылы, 53 мекенжайындағы тұрғын үй-жайға жапсарлас салынған құрылыс нысаны рұқсатсыз тұрғызылған.
Бұған дейін басқарма инспекторлары меншік иесінің қоғамдық жерде өлшемі 11,3 × 3,52 метр және 9 × 2,5 метр болатын Г әрпі тәрізді қосалқы нысанды өз бетінше салғанын анықтаған.
Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде меншік иесі заңсыз салынған нысанды өз еркімен бұзып, алып тастады.