Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда азық-түлік бағасына қатысты 2003 заңбұзушылық тіркелді

Алматыда азық-түлік бағасына қатысты 2003 заңбұзушылық тіркелді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және оның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қалалық Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментімен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, азық-түлік нарығындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастырудың барлық кезеңіндегі делдалдық схемаларды анықтау жөніндегі өңірлік комиссияның отырыстары тұрақты түрде өткізіледі. Комиссия жұмысы аясында ірі сауда нысандарында, сауда желілерінде, супермаркеттерде, базарларда және үй маңындағы дүкендерде сауда қызметі саласындағы заңнама талаптарының сақталуына жүйелі түрде мониторинг жүргізіліп, талдау жасалады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесінің шекті мөлшерін сақтау мәселесіне ерекше назар аударылады.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесінің шекті мөлшерінен асыру және сауда қызметін реттеу саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзу фактілері бойынша талаптарды сақтамаған кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жалпы сомасы 82 млн теңгеден асатын 2003 әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қаланың азық-түлік нарығындағы баға тұрақтылығын қолдауға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды