Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Грузия трансұлттық қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Грузия трансұлттық қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықты нығайтуда
Фото: polisia.kz

Астанада киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі халықаралық конференция аясында Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Ержан Саденов пен Грузияның ішкі істер министрі Сулхан Тамазашвилидің екіжақты кездесуі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство басшылары трансұлттық қылмысқа және интернет-алаяқтыққа қарсы күрес, қылмыскерлерді іздестіру, сондай-ақ көші-қон қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Кездесу барысында бірлескен жұмыстың нақты нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Ержан Саденов қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген адамдарды іздестіру және ұстап беру мәселелерінде грузиялық әріптестерінің жедел әрекет етуіне жоғары баға берді. Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері де жеке қаралды. Тараптар бейінді бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, жедел ақпарат алмасуды жетілдіру және бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру мәселелерін талқылады. Ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі – полиция кадрларын даярлау. Екі елдің ведомстволық оқу орындары арасында қол қойылған меморандум аясында академиялық алмасу, тағылымдамадан өту және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу бағдарламалары пысықталуда. Сонымен қатар көші-қон қауіпсіздігі саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Министрлер екі мемлекеттің құқық қорғау органдары арасындағы жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін байланыс офицерлері жұмысының тиімділігін атап өтті.

Бұл – ведомство басшыларының биылғы екінші кездесуі. Аталған кездесу екіжақты ынтымақтастықтың жүйелі түрде дамып, бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылып жатқанын көрсетеді. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар қылмысқа қарсы күрес, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазаның бұлтартпастығы қағидатын іске асыру бағыттарындағы өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екендерін растады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды