Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматының Жетісу ауданында серуен мен демалысқа арналған жаңа орындар ашыла бастады

Алматының Жетісу ауданында серуен мен демалысқа арналған жаңа орындар ашыла бастады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жетісу ауданында қоғамдық кеңістіктер, аулалар мен өзен жағалауы жаңартылып жатыр. Мұнда «Жетісу» саябағы мен Қазыбаев көшесін абаттандыру жұмысы аяқталды. Ал қараша айының соңына дейін «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясындағы 25 жобаның тағы жетеуін, сондай-ақ Қарасу өзенінің жағалауын абаттандырып бітпекші. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Құрасбек Сәдібеков жүргізіліп қолға алынған осы шаруалар турал баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазыбаев көшесінде ұзындығы бір шақырымнан асатын, жалпы аумағы 2,3 гектар болатын учаске абаттанды. Мұнда серуен аймағы мен автоматты суару жүйесі жасалып, 21 мыңнан астам бұта мен 60-тан астам ағаш егілді.

Аумағы 3,6 гектарды құрайтын «Жетісу» саябағында жаяу жүргіншілер жолы, көгалдандыру мен жарықтандыру жүйесі жаңартылып, автоматты суару жүйесі орнатылды. Палладин көшесінде жаяу жүргіншілер аумағын да жаңартып, абаттандырып жатыр.

«Қазыбаев көшесінде серуендеуге қолайлы кеңістік құрып, сонымен қатар аумақты көгалдандыруға мүмкіндік туды. “Жетісу” саябағында жолдар мен жарықтандыру жүйесі жаңартылды, ал автоматты суару жүйесі жасыл желекті күтіп-баптауға көмектеседі. Қазір осындай кешенді жұмыс Палладин көшесінде де жүргізіліп жатыр», – дейді Құрасбек Сәдібеков.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 25 жоба жүзеге асады. Оның 18-і аяқталған, қалған жетеуін қараша айының соңында аяқтамақ.Бұрынғы «Рахат» базарының орнында демеушілердің қаражаты есебінен жаңа алаңқай салына бастады. Сондай-ақ Кемел шағын ауданындағы Қарасу өзенінің жағалауын абаттандыру жұмысы аяқталып қалды. Оның ұзындығы бір шақырымнан асады.

Ағымдағы жөндеу жұмысы жеті аула аумағын қамтыды. Оның төртеуіндегі жұмыс бітті. Ратушный көшесінде балалар алаңдары, демалыс аймақтары мен көгалдандыру жүйесі жаңартылып, автоматты суару жүйесі орнатылды. Рысқұлов даңғылында балалар алаңы мен футбол алаңы абаттандырылды.

Көкжиек шағын ауданында тағы үш аула абаттанып жатыр. Мұнда үш балалар алаңы, екі футбол алаңы мен бір спорт алаңы жаңартылады.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тұрғындар өз аудандарында қандай қоғамдық кеңістіктер мен алаңдарды жаңарту қажеттігін өздері ұсынады. Қазір қалған жобаларды уақытында аяқтап, осы аумақтарды күнделікті пайдаланатын тұрғындардың қажеттіліктерін ескеру маңызды. Көкжиек шағын ауданындағы аулаларда балалар алаңдары, футбол алаңдары мен спорт аймағы қарастырылған», – деп атап өтті аудан әкімі.

Сонымен қатар ауданда сенбілік пен экологиялық акция ұйымдастырылып жатыр. Жыл басынан бері осындай 46-дан астам іс-шара өтіп, оған 28 мыңнан астам адам қатысқан. Осы уақыт аралығында 7,5 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды.

«Абаттандыру жұмысы саябақ ашылғаннан немесе аула жаңартылғаннан кейін аяқталмайды. Тазалықты сақтау, алаңдар мен жасыл желектің жағдайын бақылау қажет. Биыл сенбіліктер мен экологиялық акцияларға мыңдаған тұрғын қатысты. Олардың белсенділігі аудандағы тазалық пен тәртіпті сақтауға көмектеседі», – деп түйіндеді Құрасбек Сәдібеков.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды