Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Берлинде Alatau City-ді дамыту бойынша 11 келісімге қол қойылды

Берлинде Alatau City-ді дамыту бойынша 11 келісімге қол қойылды
Фото: primeminister.kz

Alatau City инвестициялық роуд-шоуы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Берлинде Германияның федералдық мемлекеттік органдары мен іскерлік топтарының өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Өнеркәсіп, энергетика, құрылыс және қалалық инфрақұрылым салаларына германиялық инвестициялар мен технологияларды тарту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Германия Федералдық канцлерінің халықаралық экономикалық саясат жөніндегі кеңесшісі Левин Холлемен кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы қыркүйекте Германияға сапары барысында ұсынған Қазақстан-Германия инвестициялық-қаржылық платформасын құру мәселесі қаралды. Платформа аясындағы пилоттық бастамалар ретінде Alatau City-дің инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобалары ұсынылды.

Германияның Федералдық тұрғын үй шаруашылығы, қала құрылысы және құрылыс министрлігінің статс-хатшысы Олаф Йоахиммен заманауи құрылыс технологиялары мен энергиялық тиімді шешімдерді енгізу мәселелері талқыланды. Германия Сыртқы істер министрлігінің Еуропа істері жөніндегі статс-министрі Гунтер Крихбауммен екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары қаралды.

Берлиндегі роуд-шоудың негізгі іс-шарасы Германия экономикасының Шығыс комитеті мен Германия өнеркәсібінің федералдық одағының (BDI) қатысуымен ұйымдастырылған Alatau City Investment Round Table инвестициялық дөңгелек үстелі болды. Қанат Бозымбаев қаланың инвестициялық мүмкіндіктерін, сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктері мен инвестициялық преференцияларды көздейтін арнайы құқықтық режимнің негізгі ережелерін таныстырды.

BDI басшылығының мүшесі Вольфганг Нидермаркпен кездесуде германиялық кәсіпорындардың 2026-2028 жылдарға арналған өнеркәсіптік, технологиялық және шикізаттық ынтымақтастық жөніндегі жол картасын жүзеге асыруға қатысу мүмкіндіктері, сондай-ақ Alatau City аумағында жаңа өндіріс орындарын орналастыру мәселелері талқыланды.

Henkel, SVEVIND Energy, Textima, dena және басқа да компаниялардың өкілдерімен өндірістерді локализациялау, энергетикалық және су инфрақұрылымын дамыту, машина жасау саласындағы өнеркәсіптік кооперация, сондай-ақ көпбейінді медициналық орталық құру мәселелері қаралды.

Берлин кезеңінің қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс, машина жасау, құрылыс, медициналық инфрақұрылым, қалалық қауіпсіздік және ұшқышсыз технологиялар салаларындағы ынтымақтастық туралы 11 келісімге қол қойылды.

Alatau City инвестициялық роуд-шоуы Франкфурт-на-Майне қаласында жалғасады. Бағдарлама аясында Германияның банктері мен қаржы институттарының өкілдерімен келіссөздер, сондай-ақ іскерлік топтардың қатысуымен инвестициялық дөңгелек үстел өткізу жоспарланған. Негізгі назар Alatau City-дің инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларын қаржыландыру мәселелеріне аударылады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды