Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан екі ел арасындағы әуе рейстерінің жиілігін арттыру туралы келісімге келді

Қазақстан мен Өзбекстан екі ел арасындағы әуе рейстерінің жиілігін арттыру туралы келісімге келді
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Ташкент қаласында «Қытай – Орталық Азия» (C5+1) азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобы конференциясы аясында Қазақстан мен Өзбекстанның авиациялық билік өкілдері арасында екіжақты келіссөздер өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан делегациясын ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева басқарды. Өзбекстан тарапынан келіссөздерге Өзбекстан Республикасы Көлік министрлігінің Әуе көлігі басқармасының басшысы Джамолиддин Назаров қатысты.

Келіссөздер барысында тараптар әуе қатынасын одан әрі кеңейту, тұрақты рейстердің жиілігін арттыру және екі елдің ірі қалалары арасындағы әуе тасымалының қолжетімділігін жақсарту мәселелерін талқылады.

Алматы – Ташкент және Астана – Ташкент бағыттарының әрқайсысы бойынша аптасына рұқсат етілген рейстер санын 60-қа дейін арттыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Сондай-ақ тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы басқа бағыттар бойынша рұқсат етілген рейстер санын аптасына 14-тен 20 рейске дейін ұлғайтуға келісті.

Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру сұраныс жоғары бағыттар бойынша әуе тасымалы ұсынысын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолаушылар ағынының өсуі, іскерлік және туристік байланыстардың жандануы әуе тасымалына деген сұраныстың артуына ықпал етіп, екі ел арасындағы көлік қатынасын нығайтуға қосымша мүмкіндіктер ашады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды