Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда 2030 жылға дейін өңдеу өнеркәсібі бойынша 600 жаңа жоба іске қосылады

Қазақстанда 2030 жылға дейін өңдеу өнеркәсібі бойынша 600 жаңа жоба іске қосылады
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Үкіметтің баспасөз мәслихатында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев журналистерге жаңа өнеркәсіп орындарын іске қосу жөніндегі жоспарлар мен өндірістік қуаттар теңгерімін бағалаудың жаңа әдістемесі туралы ақпарат берді.Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, елімізде 2030 жылға дейін өңдеу өнеркәсібі саласында шамамен 600 жаңа инвестициялық жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Өткен жылы 190 жоба іске қосылған, ал осы жылдың соңына дейін 200 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Оның бүгінде 116-сы жүзеге асырылды.Келешегі зор жобалардың қатарында Қарағанды мен Абай облыстарында салынатын екі жаңа мыс балқыту зауыты, Павлодар облысындағы «Ертіс» гидрометаллургиялық комбинаты, Жамбыл облысындағы «ЕуроХим-Қаратау» өндірістік кешені аталды. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында калий тұздарын өндіру кешенін, ал Маңғыстау облысында аммиак-карбамид өнімдерін шығаратын кешен салудың маңыздылығы атап өтілді.

«Бұл жобалар ауқымды инвестициялар, жаңа технологиялар тартуға және жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Алдағы екі жылда өнеркәсіп саласында үлкен серпіліс болады деп есептеймін. Мысалы, Қостанай облысындағы KIA Қазақстан автокөлік зауыты мен Алматыдағы мультибрендті зауыттың айналасында шағын және орта бизнес кластері қалыптасып келеді. Отандық кәсіпкерлер автокомпоненттер, мультимедиялық жабдықтар, орындықтар, сымдар шоғыры және басқа да өнімдер өндіруде. Бұл – бірлескен күш-жігердің нәтижесі. Аталған жобалардың әрқайсысы миллиардтаған инвестиция әкеледі», – деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

Министр Президенттің металлургия саласындағы өндіріс орындары теңгерімінің бұзылуына жол бермеу жөніндегі тапсырмасына арнайы тоқталды. Бұл ретте Қазақстанда өндірілетін болаттың шамамен 80%-ын шығаратын флагмандық «Qarmet» компаниясы мысалға келтірілді. Жаңа кәсіпорындар ашудың қаншалықты қажет екені мұқият зерделенеді. Осы мақсатта Кәсіпкерлік кодексі мен «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңға өндірістік қуаттар теңгерімін бағалау тетігі бойынша өзгерістер енгізілді.

Министрлік тиісті әдістемені әзірлеп, бекітті. Ол қолданыстағы өндіріс орындарын, ішкі нарықтың қажеттіліктерін және өнімді экспорттау мүмкіндіктерін ескере отырып, жаңа өндіріс ошақтарын құру қажеттілігін бағалауға мүмкіндік береді.

Бағалау нәтижелері мемлекеттік қолдау көрсету кезінде де ескеріледі. Министрдің айтуынша, мұндай тәсіл Қазақстандағы барлық өнеркәсіптік жобаларға қолданылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды