Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру мәселелері талқыланды

Шымкентте Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру мәселелері талқыланды
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттар мен алға қойылған міндеттерді талқылауға арналған қалалық актив отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға жергілікті атқарушы және өкілді органдардың басшылары, зиялы қауым өкілдері, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты.Отырысты ашқан қала әкімі Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің алдағы дамуындағы стратегиялық бағдарларды айқындап, өңірлерге экономиканы нығайту, инфрақұрылымды жаңарту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша нақты міндеттер жүктейтінін атап өтті. Оның айтуынша, Президент белгілеген бағыттар жергілікті деңгейде жүйелі жұмыс жүргізуді және нақты нәтижеге бағдарлануды талап етеді. Қала әкімі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, баспана құрылысы, көлік және энергетика жүйелерін жетілдіру, инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау және Шымкенттің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Жиын барысында қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Бұхарбай Парманов, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Әбдез Иманқұлов, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова сөз сөйледі. Қатысушылар Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша пікірлерін білдіріп, өзекті даму мәселелерін көтерді және тиісті салалардағы жұмысты жетілдіруге қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Талқылауды қорытындылаған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Шымкенттің алдағы даму бағыттарын айқындап, таяу жылдарға арналған жоспарларымен бөлісті. Атап айтқанда, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды одан әрі дамыту, білім беру, денсаулық сақтау, спорт және қоғамдық қауіпсіздік нысандарын салу, баспана қорын кеңейту, жол желісі мен энергетикалық кешенді жаңарту мәселелері сөз болды. Сондай-ақ, қаланың инвестициялық әлеуетін арттыруға, кәсіпкерлікті қолдауға, өндірістік қуаттарды кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға басымдық берілді. Бұл бағыттар Шымкент экономикасын нығайтып, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

Жиын қорытындысында мегаполис басшысы қатысушыларға мазмұнды талқылау мен ұсыныстары үшін алғыс айтып, басшыларды жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындауға, өзара үйлесімді жұмысты қамтамасыз етуге және әр бағыт бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізуге шақырды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды