Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды

Павлодар облысында мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан сериялық қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Криминалдық полиция қызметкерлері мал ұрлығының бірнеше дерегіне қатысы бар деген күдікпен бір топ адамды ұстады. Олар аудан тұрғындарының малын жүйелі түрде ұрлап отырған. Бірнеше ай ішінде күдіктілердің мал ұрлығының бес эпизодына қатысы бары анықталды. Ұрланған малдың қатарында жылқы мен ірі қара бар. 

– Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде барлық күдіктінің жеке басы анықталды. Олардың барлығы облыс тұрғындары болып шықты. Мал сатып алушылардың бірінің тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту кезінде ұрланған екі жылқы, бес бас ірі қара және көлік құралдары табылып, тәркіленді, – деді Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов. 

Төрт күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылса, тағы бір күдіктіге елден шықпау туралы қолхат берілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. 

Ведомство өкілдері атап өткендей, ауыл тұрғындары үшін мал – жай ғана мүлік емес, негізгі табыс көзі әрі бірнеше айлық еңбектің нәтижесі. Сондықтан полиция әрбір дерек бойынша күдіктілерді анықтап, оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту және ұрланған мүлікті иелеріне қайтару бағытында тиісті шаралар қабылдайды.Сонымен қатар жедел уәкілдер ұсталғандардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды