Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда 22 маусымнан бастап тағы бір бағытта жаңа электр автобустары пайдалануға беріледі

Алматыда 22 маусымнан бастап тағы бір бағытта жаңа электр автобустары пайдалануға беріледі
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда қоғамдық көлік жүйесін дамыту және экологиялық ахуалды жақсарту аясында қала автобустары жаңартылып жатыр. «City Bus» жекеменшік автопаркі «Skywell» маркалы электр автобустарын сатып алды. Бұл жөнінде Алматы қаласының мобильділік басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолаушылар тасымалдауға арналған бұл төмен еденді, кең сыйымдылықты электр автобустар бір қуатпен 400 шақырымға дейін жүре алады. Олар дыбыссыз қозғалады, бейнебақылау камералары, кондиционер, USB-қуаттағыш порттары, жүргізушіні бақылау жүйесі және өзге де заманауи жүйелермен жабдықталған.

Жаңа автобустар 2025 жылы 22 маусымнан бастап №19 бағыт бойынша, яғни «Нұркент тұрғын үй кешені – Алматы көшесі» аралығында жолаушы тасымалдай бастайды. Сонымен қатар бұл бағыттағы жолға шығатын автобустар саны 16-дан 18-ге дейін арттырылмақ.

Айта кетерлігі, 2024 жылы Алматының мобильділік басқармасы 600 газбен жүретін автобус, 112 троллейбус және 100 электр автобусын сатып алған болатын. Бұған қоса, қала ішінде 3 жаңа және қала маңына 20 бағыт ашылды.

2025 жылы әкімдік тағы 600 газбен жүретін автобус сатып алуды көздеп отыр. Ал жекеменшік тасымалдаушылар тағы 118 электр автобус сатып алуды жоспарлаған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады