Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биыл еліміздің автопаркі 1235 жаңа автобуспен толықтырылды

Биыл еліміздің автопаркі 1235 жаңа автобуспен толықтырылды
Фото: ҚР Көлік министрлігі

ҚР Көлік министрлігі Өнеркәсіпті дамыту қорымен бірлесіп еліміздің барлық өңірі бойынша қоғамдық көлік паркін жаңарту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Мәселен, Өнеркәсіпті дамыту қоры автобус паркін жаңарту бойынша лизингтік қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде еліміздің барлық өңірі бойынша 4 333 жолаушылар автобусын сатып алу үшін қаржы бөлді, оның ішінде электр қуатымен жүретін ­– 130, газбен – 1 737, дизель отынымен жүретін 2 466 автобус.

Жаңа автобустар халықаралық экологиялық стандарттарға сәйкес шығарылған. Яғни, жолаушыларды ыңғайлы және қауіпсіз тасымалдау үшін барлық қажетті функциялармен жабдықталған. Атап айтқанда, кондиционер, өрт сөндіргіштер, бейнебақылау камералары, бейнежазба жүйесі, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған механикалық пандустар қарастырылған.

Сондай-ақ автобустар еліміздің климаттық жағдайына бейімделген. Мәселен, солтүстік өңірлерге арналған қоғамдық көлікте салондарда қосымша пештер мен салондағы ауаны тазартатын құрылғылар орнатылған.

Келесі жылы еліміздің Көлік министрлігі Қормен бірлесіп автопаркті жаңа отандық автобустармен жаңарту және толықтыру бойынша жұмысты жалғастырады деп жоспарланып отыр.

Биыл автобус паркі бірқатар қала мен аймақта жаңартылды:

● Алматы қ. - 17 автобус;

● Астана қ. - 259 автобус;

● Шымкент қ. - 25 автобус;

● Қарағанды облысы - 44 автобус;

● Ақтөбе облысы - 109 автобус;

● Павлодар облысы - 241 автобус;

● Шығыс Қазақстан облысы - 44 автобус;

● Ақмола облысы - 3 автобус;

● Алматы облысы -36 автобус;

● Атырау облысы - 62 автобус;

● Жетісу облысы - 2 автобус;

● Батыс Қазақстан облысы - 29 автобус;

● Қостанай облысы - 57 автобус;

● Қызылорда облысы - 130 автобус;

● Маңғыстау облысы - 52 автобус;

● Солтүстік Қазақстан облысы - 33 автобус;

● Түркістан облысы - 89 автобус;

● Абай облысы - 3 автобус.

Айта кетерлігі, автобус паркін жаңарту бойынша лизингтік қаржыландыру бағдарламасы Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде отандық өндірістің қоғамдық көлігін жеңілдікті шарттармен сатып алуға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді