Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жаңа автобустар жолға шықты

Алматыда жаңа автобустар жолға шықты
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда бүгіннен бастап №92 маршруттағы жылжымалы құрам толығымен жаңартылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

2024 жылдың 24 қаңтарында Алматы әкімдігінің таратқан ресми ақпаратына сәйкес, "Мамыр-1 – Әлмерек" шағын ауданына қатынайтын маршрутқа жоспарлы түрде 22 бірлік автобус шығады. Алайда қоғамдық көліктер көбінесе техникалық себептерге байланысты желіден шығып, қозғалыс жиілігі алшақтап кетеді.

Осыған орай, Қалалық мобилділік басқармасы автобус санын 25 бірлікке дейін арттырып, жылжымалы құрамды жаңарту туралы шешім қабылдады. Бұл жүйелілікті қамтамасыз етіп, жоспарланған жиілікті 10 минуттан 8 минутқа дейін қысқартады.

Golden Dragon маркалы газбен жүретін он екі метрлік жаңа төмен еденді автобустар заманауи құрылғылармен, соның ішінде кондиционермен, бейнебақылау жүйесімен және т.б. жабдықталған. Автобустың жалпы сыйымдылығы 113 адам, оның 28-і отыратын орын.

Бұл ретте, ескі автобустар парктің резервтік құрамына енгізіледі.

Айта кету керек, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Алматыда 22 жаңа бағыт және 50-ге жуық елді мекенді қамтитын 10 қала маңына қатынайтын бағыт ұйымдастырылды. Әрі 364 бірлік автобус есебінен 24 маршрутта жылжымалы құрам жаңартылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты