Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 90%-дан асты

Шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 90%-дан асты
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан және Жамбыл облыстарында мароккалық шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта 15 өңірде итальялық прусқа және 8 өңірде азиялық шегірткеге қарсы күрес шаралары жалғасуда.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, шекаралас аумақтардағы шегіртке ошақтары мен көршілес елдерден ұшып келу қаупіне байланысты тұрақты мониторинг жүргізілуде.

«Қытай мен Қырғызстан тарапынан қауіп жоқ. Ресей мен Өзбекстанмен шекаралас аймақтарда тексерулер жүргізіліп жатыр. Ошақтар анықталған жоқ. Көршілес елдердің мамандарымен бірлесіп зерттеу жұмыстары жалғасуда», — деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов. 

Сонымен қатар штаб отырысында 2025 жылғы көктемгі дала жұмыстарының қорытындысы шығарылды. Жалпы егіс алаңы 23,7 млн гектарды құрады. Оның ішінде дәнді дақылдар – 15,6 млн гектарға, майлы дақылдар – 3,4 млн гектарға, жүгері – 168 мың гектарға, картоп – 127,8 мың гектарға, қант қызылшасы – 17,7 мың гектарға егілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді