Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандағы жоспарланған аумақтардың 66%-ы шегірткеге қарсы өңделді

Қазақстандағы жоспарланған аумақтардың 66%-ы шегірткеге қарсы өңделді
Фото: primeminister.kz

Ақтөбе және Қостанай облыстарында мониторинг нәтижесі бойынша алқаптарда шегірткеге қарсы қосымша өңдеу жүргізілуде. Атап айтқанда, Ақтөбе облысының шегіртке ұшып өтуі тіркелген Алға ауданында жоспарланған 41 570 гектардың 39 570 гектары өңделді. Есебі экономикалық зияндылық шегінен жоғары жаңа үйірі табылған жағдайда жедел өңдеу жүргізіледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы өңірлерде препарат қоры жеткілікті, техника дайын.

Сенбі күні ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Республикалық жедел штаб отырысында шегірткелерге қарсы күрес бойынша ағымдағы жағдай қаралды.

Шекаралас аумақтардағы жағдайға ерекше назар аударылды. Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында РФ шекарасы бойында 104 км алаңда химиялық өңдеу жүргізілді, барлығы 219 км шекара аймағының 195 шақырымын өңдеу жоспарланған. Ресей тарапының деректері бойынша Орынбор облысында 22 мың га, ҚР шекарасы бойында 10 км өңделген.

Еске сала кетейік, РФ Орынбор облысынан шегірткенің ұшып келуінің анықталуына байланысты Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қостанай және Ақтөбе облыстарының шекаралас аумақтарын тексерді. Сондай-ақ ол Орынбор облысының ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Жанар Құрманбаевпен бірлескен іс-қимылдарды келісу үшін кездесу өткізді.

Жедел штаб отырысының қорытындысы бойынша вице-премьер шөптің қалың өскен жерлері көп Павлодар, Қарағанды және Абай облыстары әкімдіктеріне шегірткелердің таралуына бақылауды күшейтуді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты