Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында шегірткеден қорғау шаралары аяқталды

Түркістан облысында шегірткеден қорғау шаралары аяқталды
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі орталық жедел штаб отырысында өңірлердегі ахуал туралы есеп тыңдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сіілтеме жасап.

Түркістан облысында шегіртке зиянкестеріне қарсы барлық қорғаныс шаралары аяқталды, жағдай тұрақтанды. Болжам бойынша, өңірде шегірткелердің таралу аумағы 271,5 мың гектарды құрады, іс жүзінде 340 мыңнан астам гектар өңделді. Ақтөбе облысында 414 мың га, Қостанай облысында 140 мың га өңделген.

Абай, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Батыс Қазақстан облыстарында шегіртке үйіріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жамбыл және Қызылорда облыстарында өңдеу жұмыстары аяқталды.

Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында итальялық прусқа, сондай-ақ Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында азиялық шегірткеге қарсы қорғау шаралары өңдеуге жататын алаңдардың анықталуына қарай басталады.

Жедел штаб отырысының қорытындысы бойынша вице-премьер аумақтардағы мониторингті, химиялық өңдеу сапасын бақылауды күшейтуді және Түркістан облысында шығарылған техникаларды қорғау шаралары жалғасып жатқан өңірлерге жіберуді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты