Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ресеймен шекаралас аумақтарда шегірткенің таралуына байланысты жағдай тұрақтанды

Ресеймен шекаралас аумақтарда шегірткенің таралуына байланысты жағдай тұрақтанды
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі орталық штаб отырысында өткен аптадағы жағдай қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде шегірткенің таралу ошақтарын анықтау үшін 16,7 млн га аумаққа мониторинг жүргізілді, бұл жоспардың 98%-ын қамтиды. Қайта өңдеуді есепке алғанда, қорғаныс шараларын қолданудың жалпы ауданы 2,9 млн гектарға жетті.

Ақмола, Ақтөбе және Қостанай облыстарында итальялық прусқа қарсы қорғаныс шаралары жалғасып жатыр.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы шегірткенің таралу орындарын анықтау үшін Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының барлық периметрі бойынша зерттеу жүргізілгенін атап өтті. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында жағдай тұрақты, шегірткенің ұшу келу қаупі жоқ.

«Ақтөбе және Абай облыстарында шегірткенің таралуы анықталған жоқ. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында Ресей Федерациясымен шектесетін аумақтарда шегірткенің шоғырлануы экономикалық зияндылық шегінен төмен»,  — деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Шегіртке таралуы ықтимал аймақтарда қажет болған жағдайда бақылау және өңдеу жұмыстары жалғасады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді