Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі Қырғызстанмен шекаралас аумақтарда шегірткенің таралу ошақтарын анықтау мақсатында бірлескен тексерулерді бастады

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі Қырғызстанмен шекаралас аумақтарда шегірткенің таралу ошақтарын анықтау мақсатында бірлескен тексерулерді бастады
Фото: primeminister.kz

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қырғыз мамандарымен бірлесіп, шегіртке таралу ошақтарын бақылау үшін шекаралас аумақтарды тексеруді бастады. Бұған дейін Өзбекстанмен шекарада осыған ұқсас шаралар жүргізілген болатын. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық штаб отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Вице-министрдің мәліметінше, қазіргі уақытта Өзбекстанмен шекаралас аумақтарда мароккалық және басқа да топтасатын шегіртке ошақтары анықталмаған.

«Бүгін қырғыз тарапымен шекарадағы қазақстандық учаскелерінде бірлескен тексеруді бастадық. Шегіртке зиянкестерінің негізгі ошақтары Қырғызстанның оңтүстік аймақтарында шоғырланған. Алайда, қазіргі уақытта жәндіктердің Қазақстан бағытында таралу қаупі тіркелмеген», — деді Ермек Кенжеханұлы.

Сонымен қатар Ресей Федерациясымен шекарада да тексерулер жалғасуда. Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы шекаралас учаскелер тексерілді — шегіртке зиянкестерінің таралу жағдайлары анықталмады. Алдағы күндері, маусымның бірінші және екінші онкүндігінде Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында осыған ұқсас шараларды өткізу жоспарлануда.

Қытайдың шекаралас аймақтарына келетін болсақ, қазіргі уақытта шегірткенің таралуы туралы ресми расталған жағдайлар тіркелмеген.

2 маусымдағы жағдай бойынша 6,1 млн гектар аумақ тексерілді, бұл жоспарланған көлемнің 35,6%-ын құрайды. Химиялық өңдеуге 1 млн га аса аумақ жатады, оның 971,5 мың га өңделді, бұл болжанған 2,1 млн гектардың 46,3%-ын құрайды.

Қазіргі уақытта өңдеу жұмыстары 15 облыста жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан облысында шаралар зиянкестердің алғашқы ошақтары пайда болған кезде басталады. Барлығы 443 бүріккіш техника бірлігі жұмылдырылған, аймақтар қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген.

Штаб отырысының қорытындысы бойынша вице-премьер Серік Жұманғарин негізгі қорғаныс шаралары іс жүзінде аяқталған аймақтардан техниканы шегірткенің таралу ықтималдығы жоғары Ақтөбе және Қостанай облыстарына жедел түрде ауыстыруды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады