Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әрбір нәрестеге – бір ағаш: Астанада ерекше экоакция өтті

Әрбір нәрестеге – бір ағаш: Астанада ерекше экоакция өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астананың Бейбітшілік және келісім саябағында ерекше акция ұйымдастырылды. Әрбір жаңа босанған анаға арнап «өмір ағашы» отырғызылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қаланың урбанистика орталығының мәліметінше, әрбір көшет цифрлық жүйенің бір бөлігі болып саналады. Бұл жүйе оның жағдайын бақылауға, күтімін жоспарлауға, проблемаларға уақытында әрекет етуге және мердігерлердің жұмысын қадағалауға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл ағаштардың қурап қалуының алдын алып, олардың жағдайына ерекше назар аударады. Әр ағашқа жеке QR-код берілді. Оны сканерлеген кез келген адам ағаштың тарихын біле алады және қажет болса, проблемасы туралы дереу хабарлай алады. Осылайша, қала тұрғындары жай ғана куәгер болып қана қоймай, жасыл желектерге қамқорлық жасауға белсенді атсалысады.

«Бүгін Халықаралық экологтар күні аясында, біз жуырда отырғызылған ағаштарды цифрландыру шарасын өткіздік. Бұл – қаланың жасыл желектеріне жүйелі назар аударуға бағытталған маңызды қадам. Биыл елордада ауқымды науқан жоспарланған – бір миллионнан астам жаңа көшет отырғызу көзделіп отыр. Қазіргі уақытта жұмыс кестеге сай жүріп жатыр: тек көктемде шамамен 200 мың ағаш отырғызылды. Жыл соңына дейін толық жоспарды орындап, елорда аумағында миллионнан астам көшет отырғызуды мақсат етеміз», – деді Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Дәулет Досқұлов.

Бұл жоба қаланы көгалдандырудың жаңа философиясының бір бөлшегіне айналды, мұнда әр ағаш – әрі нақты, әрі сандық тұрғыдан бақылауда.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында жөке ағаштарына арнайы QR-кодтары бар тақтайшалар орнатылып жатыр. Бұл әрбір ағашты цифрландыруға мүмкіндік береді: тақтайшада оның кімге арналғаны, атауы және басқа қажетті ақпарат көрсетіледі. Бұдан әрі топырақтың ылғалдылығын автоматты түрде анықтайтын датчиктер орнату жоспарланып отыр. Осы акция аясында ағаштар бүгін дүниеге келген балаларға символдық түрде «сыйға» беріліп, олардың есімдері берілді. Шара Экологтар күніне орай өткізіліп, қаланың урбанистика бөлімі мен Сарайшық ауданы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты», – деді Сарайшық ауданының Өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Нұрғазы Үсен.

Бұл акция экологиялық Green ID жобасымен бірлескен бастама аясында жүзеге асты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады