Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада әлемдік футбол жұлдыздары ағаш отырғызды

Астанада әлемдік футбол жұлдыздары ағаш отырғызды
Фото: Астана қ.әкімдігі

«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында футбол аңыздары Кристиан Дзаккардо, Дуглас Майкон Ботаникалық бақтың аумағына көшет отырғызды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Бәріне сәлем! Біз Қазақстанға келгенімізге қуаныштымыз. Бүгін біз қаланы көгалдандыруға өз үлесімізді қостық. Экологиялық көгалдандыру жобасы жалғасады деп шын жүректен үміттенемін. Алдағы уақытта қайта оралғанда мұнда ағаштың көп болғанын көргіміз келеді», - деді Кристиан Заккардо.


«Сәлем балалар! Мен Қазақстанға келгеніме қуанып отырмын, мұнда алғаш рет келіп тұрмын. Мұндай іс-шараға қатысу маған ләззат сыйлайды. Барлығына рақмет! Біз әлі де оралып, қаланы одан да жасыл кейіпте көреміз деп үміттенеміз», - деп атап өтті Дуглас Майкон.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін «Астана Арена» стадионында «Манчестер Сити» мен «Милан» футбол командаларының аңызына айналған жұлдыздардың қатысуымен «Аңыздар матчы» өтеді. Ол іс-шара Қазақстан футболы күніне орайластырылған.Сондай-ақ, елордада 26 сәуірде сағат 10.00-де жалпықалалық сенбілік басталады. Ауқымды экоакция аясында 1,4 мыңнан астам жасыл желек отырғызу жоспарланған. Экоакцияның негізгі мақсаты қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне жұрт назарын аудару болып саналады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты