Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: Шетелге стратегиялық маңызды шикізатты заңсыз әкету әрекеттері тоқтатылды

ІІМ: Шетелге стратегиялық маңызды шикізатты заңсыз әкету әрекеттері тоқтатылды
Фото: Polisia.kz

Шетелге стратегиялық маңызды шикізатты заңсыз әкету әрекеттері тоқтатылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс мәлімдеді, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру аясында Ішкі істер министрлігі қара және түсті металл сынықтарын ел аумағынан заңсыз шығару арналарының жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. Осылайша, Жетісу облысында полиция департаментінің жедел қызметкерлері экономикалық тергеу департаменті және кеден қызметімен бірлесіп, стратегиялық маңызды шикізат – қорғасынның ірі партиясын заңсыз әкетуге жол бермеді. 60 тоннадан астам қорғасын тиелген екі жүк көлігі тоқтатылды, оның нарықтық құны 60 миллион теңгеден асады. Жүк заңсыз экспортқа жіберілмек болған. Қылмыстық схеманы ұйымдастырған барлық тұлғаны анықтап, ұстау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде.

Бұған дейін осындай фактілер еліміздің басқа өңірлерінде де анықталған болатын: Солтүстік Қазақстан облысында “жоғары легирленген болат” түрінде қара металл сынықтарын шетелге шығарып жіберуге тырысқан ЖШС-нің заңсыз әрекеті тоқтатылды. Шамамен 1 мың тонна металл сынығы, соның ішінде көршілес мемлекетке жөнелтуге дайын 7 вагон табылды. Маңғыстау облысында Каспий маңы елдерінің біріне металл сынығын теңіз арқылы жөнелту арнасы анықталды. ЖШС аумағынан 400 тоннадан астам қара металл сынығы табылып, оның ішінде екі контейнер экспортқа дайындалып қойылған. Аталған барлық фактілер бойынша кінәлі тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды. ІІМ стратегиялық маңызды ресурстардың шетелге кетуін болдырмау, елдің экономикалық әлеуетін сақтау және ұлттық мүддеге зиян келтіруге жол бермеу мақсатында осындай шаралар қабылданып жатқанын атап өтеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады