Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: Ірі зауыттардағы ұрлық схемалары әшкереленді

ІІМ: Ірі зауыттардағы ұрлық схемалары әшкереленді
Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі өндіріс объектілерінде ұрлық жасаудың схемаларын анықтау және олардың жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Алюминий зауыты аумағынан металл ұрлау схемасын анықтады. Қылмыс жасады деген күдікке кәсіпорынның қызметкерлері ілінді. Олардың заңсыз әрекеті жедел іс-шаралар нәтижесінде құжатталды. Фигуранттар металдың кезекті партиясын шығару кезінде қылмыс үстінде ұсталды. Олардың іс-әрекеттерінен кәсіпорынға 30 млн теңге сомасында шығын келтірілді. Қылмыстық іс ұрлықтың бірнеше эпизодтары бойынша тергелуде. Ұлытау облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы «Қазақмыс» корпорациясының қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, көрсетілген кәсіпорынның жұмыскерлерінен тұратын екі топ ұстады. Олар тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлау схемасын ұйымдастырған.

– Бірінші жағдайда топ мүшелерінің бірі учаске бастығы болып табылады. Олар 16 млн теңгеден астам сомаға кәсіпорын мүлкін ұрлаған. Екінші топта қылмыстарды жасауға корпорация басқармаларының бірінің басшысы қатысқан. Олар ұрланған заттарды кәсіпорын аумағынан құжаттарды қолдан жасау арқылы шығарып отырған. Аталған фактілер бойынша фигуранттардың құқыққа қарсы әрекеттері туралы дәлелдер жиналды. Барлық күдіктілер ұсталды, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жасалған ұрлық фактілері бойынша жүргізілуде.

– Сондай-ақ «Qarmet» АҚ-дан мүлік ұрлауды ұйымдастырғаны үшін 2023 жылы ұсталған топтардың бірінің мүшелері ұзақ мерзімге сотталғанын атап өту қажет. Осы кәсіпорында ұрлық жасаған басқа да екі ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды. Қылмыстық істер сотқа жіберілді. Ірі өнеркәсіп объектілерінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың криминалдық әрекеттерінің жолын кесу жөніндегі жұмыс Ішкі істер министрлігінің бақылауында, – деді спикер.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты