Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ металл сынықтарын контрабандалық жолмен тасымалдау схемаларын анықтады

ІІМ металл сынықтарын контрабандалық жолмен тасымалдау схемаларын анықтады
Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі қара металды жақын және алыс шет елдерге контрабандалық жолмен әкетудің қылмыстық схемаларын анықтау және жолын кесу бойынша жедел шаралар қабылдады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

- Тыйымға қарамастан, еліміздің бірқатар өңірінде металл сынықтарын дайын өнім мен шикізат түрінде көрсетіп, теңіз және темір жолдары арқылы заңсыз экспортты ұйымдастырған адамдар анықталды. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "жоғары легирленген болат" деген атпен көршілес мемлекетке теміржол арқылы қара металды жөнелтуді ұйымдастырған ЖШС-лердің бірінің басшысының заңсыз әрекетін тоқтатты. Тыйымды елемеген компания елден бір жарым мың тоннадан астам, жалпы құны 170 млн теңгеден асатын металл сынықтарын әкеткен. 
Іздеу іс-шаралары барысында металл базасының аумағында салмағы мың тоннаға жуық қара металдың сынықтары, оның ішінде шетелге жөнелтуге дайындалған жеті вагон табылды, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс. 

Осыған ұқсас схема Маңғыстау облысында жойылды. Онда компаниялардың бірі Каспий маңы елдеріне теңіз арқылы қара металл жөнелтумен айналысқан. Өткен жылдың өзінде бұл компания 400 тоннадан астам металды елден әкеткен. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында ЖШС аумағында салмағы 420 тоннадан асатын қара металдың сынықтары, оның ішінде көрші мемлекетке жөнелтуге дайындалған екі контейнер табылды. 

- Қазіргі уақытта ІІМ ҰҚК-мен, Қаржы мониторингі агенттігімен және Бас прокуратурамен бірлесіп, қара және түсті металл контрабандасына жол бермеу, сондай-ақ алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді Қуандық Алпыс.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты