Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әуежайда тыйым салынған заттар туралы жалған ақпарат берген шетелдік жауапқа тартылды

Әуежайда тыйым салынған заттар туралы жалған ақпарат берген шетелдік жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Астана халықаралық әуежайында шетел азаматы тыйым салынған заттар туралы жалған ақпарат бергені үшін ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл оқиға туралы көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов хабарлады. Оның сөзінше, Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері әуе рейсіне тіркеу кезінде Астана – Пхукет бағытындағы ұшаққа отырғалы тұрған 47 жастағы шетел азаматын анықтап, ұстады. Ол әуе компаниясының өкіліне әзілдеп, өзімен бірге тыйым салынған заттардың бар екенін айтқан. Бұл ақпарат шұғыл тексеріліп, нәтижесінде қатер расталмады. Дегенмен, бұл оқиға тіркеу қызметінің жұмысына уақытша кідіріс келтіріп, жолаушылар мен әуежай қызметкерлері арасында алаңдаушылық туғызды. Көлік полицейлері шетелдік азаматты жауапқа тартып, сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды. 

- Қауіпсіздік қатерлеріне қатысты кез келген әзіл немесе мәлімдеме аса мұқият қарастырылады. Нақты қауіп болмаса да, мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпті бұзып, көлік инфрақұрылымының тұрақты жұмысына айтарлықтай кедергі келтіреді және оның соңы әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады, – деп түйіндеді сөзін Құрмет Мәжікенов.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі