Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұшақта құқық бұзушылықтар жасаған шетелдік азамат 5 тәулікке қамауға алынды

Ұшақта құқық бұзушылықтар жасаған шетелдік азамат 5 тәулікке қамауға алынды
Фото: polisia.kz

Шетелдік азамат ұшақ бортында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараз қаласының әуежайына Дакка-Внукова бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері құқық бұзушыны анықтап, әуекомпания өкілдерінің актісі бойынша рейстен түсіріп алды.

Тексеру барысында көлік полицейлері Ресей Федерациясының 30 жастағы азаматын анықтады. Ер адам ұшу кезінде мас күйде болып, экипаждың талаптарын орындамаған және әуеакомпания қызметкерлерін балағаттаған. Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі шеккен.

Ресейлік азамат алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені, темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды және әуе кемесіндегі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін 23 АЕК мөлшерінде айыппұл салына отырып және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен шетел азаматы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады