Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұшақта заң бұзған азаматтар жауапқа тартылды

Ұшақта заң бұзған азаматтар жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Ұшақта заң бұзған азаматтар жауапқа тартылды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері көлік объектілерінде, оның ішінде әуе кемелерінде жасалатын құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстарды белсенді жалғастыруда. Жедел алдын алу іс-қимылдар нәтижесінде осы жылдың 4 айында 207 құқық бұзушы жауапқа тартылды. Оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін 127 азамат, ұшақ бортында темекі шеккені үшін 50 тұлға және т.б. Мәселен, өткен демалыс күндері көлік полицейлері әуе кемесінің бортындағы тәртіп бұзушылықтың жолын кесті. Тбилиси — Алматы бағытындағы рейсі келгеннен кейін, әуе компаниясы өкілінің актісіне сәйкес, Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ұшақ бортында тәртіп бұзып, әжетханада темекі шеккен 32 жастағы Грузия азаматын ұстады. Еске саламыз, деструктивті мінез-құлық жолаушылар мен әуе компания қызметкерлерінің қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Сол себепті, экипаждың нұсқаулығына қатаң түрде бағыну және әуе кемесінің бортындағы қауіпсіздік талаптарын сақтау қажет.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді