Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік полицейлері қос азаматтығы бар 300-ге жуық тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты

Көлік полицейлері қос азаматтығы бар 300-ге жуық тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты
Фото: polisia.kz

Көлік полицейлері қос азаматтығы бар 300-ге жуық тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 8 айында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін барлығы 1900 азаматты, оның ішінде қос азаматтығы бар 296 тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ соттардың қаулыларымен 710 шетелдік елімізден тысқары шығарылды, олардың барлығына 5 жыл мерзімге елімізге кіруге тыйым салынды.

Мәселен Мәскеу – Өскемен бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Өскемен қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері ҚР ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп 55 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Тексеру барысында ұсталғаннан Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қос азаматтығы анықталды.

Көлік полицейлері құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламағаны үшін әкімшілік хаттама толтырды.

Сот шешімімен ресейлік азамат 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жауапқа тартылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді